Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада абаттандыру ережесін бұзған тұрғын жауапқа тартылды

Елордада абаттандыру ережесін бұзған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі” атты экологиялық акциясы аясында Астана қаласының полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде.

Акция басталғаннан бері полицейлер 19 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, олардың ішінде абаттандыру ережелерін бұзу – 8166, жалпы пайдалану орындарының ластануы – 4310, жол төсемінің ластануы – 621, сусымалы жүктерді үстін жаппай тасымалдау, оқылмайтын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері – 6740. 

Мәселен, елордалық полицейлер Хусейн Бен Талал көшесінде белгіленбеген жерде құрылыс қоқыстарын тастаған ШАНСИМАН автокөлігінің жүргізушісін анықтады. Ол өзінің іс-әрекетімен қала аумағын абаттандыру ережелерін бұзды. Жүргізушіге қатысты айыппұл салына отырып, әкімшілік материал толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру