Елордада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы Бакуде ұсталды
Елордада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзірбайжан азаматы Бакуде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Баку қаласының аумағында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер, Әзірбайжан республикасының 29 жастағы азаматы анықталды.
Ол 2022 жылдың ақпан айында астаналық әйелді алдап, 5 250 000 теңге көлемінде ақшаны заңсыз иемденіп алғаны белгілі болды.
Ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін асыра пайдаланып, ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, банктік шоттарды қаскөйлердің әрекеттерінен қорғау сылтауымен қолма-қол ақшаны иемденген.
Ұсталған адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің бабы – ірі көлемде жасалған алаяқтық айыбы тағылды. Қазіргі уақытта қылмыстық істі қайта тапсыру мәселесі шешіліп жатыр.
2024 жылдың 2-6 қыркүйегі аралығында Астанада көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алуға және жолын кесуге бағытталған «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шара барысында іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды.