Елорда полициясы алаяқтықтың 25 дерегіне қатысы бар күдіктіні ұстады
Елордада алаяқтыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері мемлекеттік бағдарлама бойынша ипотекалық несие алуға көмектесемін деген сылтаумен 25 эпизод бойынша алаяқтық жасады деген күдікпен елорда тұрғынын анықтады.
Жәбірленушілер келісімшартсыз күдіктінің банк картасына ақша аударғандарын білді.
Осылайша, полицияға 44 жастағы елорда тұрғыны жүгініп, таныстарының кеңесімен әйелге айтып арызданған. Ипотекалық несиеге баспана алуға көмек көрсету үшін, алаяқ одан шамамен 2 млн теңге көлемінде қаражат сұраған.
Алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті мойындау көрсетпелерін берді. Оның ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны анықталды.