Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдікті қолға түсті

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жалған төлем түбіртектерімен сатушыларды алдаған Астана қаласының 37 жастағы тұрғыны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атап айтқанда, Бозбиік көшесіндегі азық-түлік дүкенінде ер адам сатушыға жалған төлем түбіртегін көрсеткен. Сатып алушы жалпы сомасы 50 мың теңгені құрайтын азық-түлік алып, сол жерде төлем туралы жалған түбіртек жасаған. Сатушы айтқандай, ер адам телефон қосымшасында фискалдық чекті көрсеткенімен, төлем алынбаған.

Екі күннен кейін Тілендиев көшесіндегі дүкеннің сатушысын дәл осылай алдап, 50 мың теңге көлеміндегі азық-түлік өнімдерін алып кеткен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктінің елорда аумағында осыған ұқсас тағы екі алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру