Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Елордада әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасаған 30 жастағы күдіктіні ұстады.

Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті Instagram желісінде жалған хабарландыру таратып, азаматтарға зейнетақы қорындағы қаражатты шешіп беруді уәде еткен. Ол сенімге кірген жәбірленушілерден өз Kaspi Gold шотына ақша аударуды сұраған.

Тергеу барысында күдіктінің осындай 17 эпизодқа қатыстылығы анықталды. Күдікті өзінің қылмыстық әрекеттерін толық мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Астана қалалық полиция департаменті азаматтарды қырағылық танытуға және күмәнді қаржылық ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру