Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ата-анасының қазасы жайлы жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды

Елордада ата-анасының қазасы жайлы жалған ақпарат таратқан ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласында полиция қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 35 жастағы ер адамды қолға түсірді. Ол әріптестерін алдау арқылы олардың сенімін пайдаланып, заңсыз пайда тапқан.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті алдымен әкесінің, кейіннен анасын қайтыс болды деп жалған ақпарат таратқан. Жерлеу рәсіміне қаражат қажет деген сылтаумен әріптестерінен ақша жинаған. Осылайша адамдардың жанашырлығы мен сеніміне кіріп, қаражат иеленіп отырған.

Тексеру барысында ер адамның ата-анасы аман-есен екені анықталды. Сонымен қатар полиция оның осындай тәсілмен кемінде 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығын тексеруде.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға өзара көмек пен жанашырлық сезімін қылмыстық мақсатта пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді. Сондай-ақ күмәнді жағдайларда сақ болып, дереу полицияға хабарласу қажеттігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру