Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы қорытындыланды

Елордада "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы қорытындыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Республикалық "Бақытты отбасы – бақытты ел" акциясы аясында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімі қызметкерлері отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстарды жалғастыруда.

Басты міндеттердің бірі – қайталанатын зорлық-зомбылық қаупін бағалау. Осы мақсатта бұрын қорғаныс нұсқамасы шығарылған адамдарға қатысты агрессорлардың тәуекел деңгейі арнайы стандарттар негізінде жүргізілетін сауалнамалар арқылы анықталуда. Мұндай тәсіл мамандарға қауіптің нақты дәрежесін бағалауға және жаңа құқықбұзушылықтардың алдын алуға дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Акция басталғаннан бері ішкі істер органдарының есебінде тұрған шамамен 400 адамның тұрғылықты жеріне барып тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 200-ге жуық азаматқа қорғаныс нұсқамасы шығарылып, сот шешімімен құқық бұзушылардың мінез-құлқына белгілі бір шектеулер қойылды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері дәрістер өткізіп, профилактикалық рейдтер ұйымдастырды, дағдарыс орталықтарына барып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық парақшалар таратты.

Акция аясындағы барлық шаралар отбасылық құндылықтарды нығайтуға, осал топтардың құқықтарын қорғауға және әр отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру