Елордада бойжеткен өзгенің банк картасынан ақша жұмсаған
Елордада бойжеткен өзгенің банк картасынан ақша жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы ауданының полиция бөліміне зейнеткер жүгініп, банк картасынан ақша ұрланғанын хабарлаған. Егде жастағы әйел бірнеше күн бұрын картасын жоғалтқанын айтқан.
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екі күн бойы азық-түлік дүкендерінен сауда жасаған 17 жастағы қызды анықтады. Осылайша, ол біреудің картасынан 37 мың теңгеден астам ақша жұмсаған.
Дүкендердің бірінің бейнекамерасына түсіп қалған жазбада кассаға екі қыздың жақындағанын және олардың біреуі бөтеннің банктік картасымен төлем жасағанын көруге болады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.