Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада дәмханаға келген қонақтың телефонын ұрлаған күдікті ұсталды

Астанада тәртіп сақшылары дәмхана келушісінің телефонын ұрлаған 22 жастағы жігітті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданы полиция басқармасына қала тұрғыны жүгініп, кафеде оның ОРРО телефонын ұрлап кеткенін хабарлаған. Жәбірленуші түнгі уақытта көңіл көтеру мекемесінде бос уақытын өткізгенін айтқан. Телефонын үстелдің үстінде қалдырып, қысқа уақытқа шығып кеткен ол, қайтып келенде гаджетінің жоғалып кеткенін байқаған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ізін суытпай ұрлыққа қатысы бар 22 жастағы жігітті анықтады. Ол достарымен бірге көрші үстелде отырып, қолайлы сәтті пайдаланып, ұялы телефонды алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 85 мың теңгеге бағаланды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ұсталған адамның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда болған кезде қырағы болуға кеңес береді. Бейтаныс адамдарға сенбеңіз және қысқа уақытқа болса да жеке заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру