Елордада дүкен тонаған күдіктілер ұсталды
Елордада пиццерия мен дүкен тонаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астанада полицейлер 19 және 21 жастағы екі жігітті қолға түсірді. Олар елордаға басқа өңірден келгенімен, демалудың орнына заңсыз жолмен табыс табуды көздеген.
Тергеу дерегінше, түнгі уақытта күдіктілер пиццерияның кіреберіс есігін бұзып ішке кірген. Кассадан ақша алып, сөренің үстінен секіріп өткен. Кейін дәл осындай әдіспен сусын сататын дүңгіршектің терезесін бұзып ашып, тағы да қаржы жымқырған.
Қазіргі таңда ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Астана қаласы полиция департаменті кәсіп иелеріне алдын ала қауіпсіздік шараларын қабылдауды ескертеді. Оның ішінде бейнебақылау камераларын орнату, дабыл қондырғыларын іске қосу және нысандардың қорғалуын күшейту маңызды.