Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада дүкеннен балалар киімін ұрлаған әйел анықталды

Елордада дүкеннен балалар киімін ұрлаған әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында, әйелдің күндізгі уақытта Алаш тас жолы бойында орналасқан сауда үйіндегі балалар киімін сататын бутиктердің біріне келгені анықталды. Күдікті сауда залында клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, ешкімнің бақылап тұрмағанын пайдаланып, шалбар мен көйлекті жасырын ұрлап, дүкеннен шығып кеткен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Әйел адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру