Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада электроника дүкенінен 11 телефон ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полицейлер жалпы құны 5 миллион теңге болатын ірі электроника ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаскүнем дүкенге қараңғы кезде терезе арқылы ішке кіріп, ішіндегі дисплей әйнектерді сындырып, 11 iPhone телефонын, 2 iPad планшеті мен кеңсе техникасын алып кеткен.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының арқасында күдіктінің ізіне түсуге мүмкіндік болғанын айтты. Қазіргі уақытта қаскүнем кінәсін мойындап, заттай айғақтар жартылай тәркіленді.

Анықталғандай, былтыр да ер адам дәл осындай жолмен көрші үйдегі дүкенге кіріп, сол үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болған. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысы бар тұлға уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада бұрын жасалған қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Полиция департаменті сауда орындарындарының иелеріне қырағы болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, шағын және орта бизнес аумақтарын тиісінше бейнебақылау камераларымен жабдықтауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру