Елордада ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Елордада 39 жастағы ер адам алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында полицейлер 39 жастағы ер адамды алаяқтық жасады деген күдікпен ұстады.
Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, "фильтрді ауыстыру қажет" деген сылтау айтқан. Осы айла-шарғы арқылы ол азаматты адастырып, 4 миллион теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі таңда істің барлық мән-жайы жан-жақты зерттеліп жатыр. Полицейлер басқа да жәбірленушілердің бар-жоғын анықтау үшін тексеріс жүргізуде.
Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады. Бөгде адамдарға сеніп, ірі көлемде ақша қаражатын бермеу қажеттігін ескертеді. Егер сіз немесе жақындарыңыз осындай алаяқтық әрекетке тап болсаңыздар, бірден полицияға хабарласуларыңызды сұраймыз.
