Елордада ер адам орталық базарда күзен бас киімді ұрлап кеткен
Елордада ер адам орталық базарда күзен бас киімді ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерлерге арналған күзен бас киімді ұрлаудың екі фактісі бойынша күдіктелетін елорда тұрғыны ұсталды.
Тергеу барысында оның сағат 10.00-де орталық базарға келгені анықталды. Сатып алушы кейпінде ол бас киімдерді қарап, кие бастаған. Бас киімдердің еркін қол жетімді жерде ілулі тұрғанын және сатушының назары басқа жақта болғанын пайдаланып, ер адам тауарды сауда сөресінен жасырын ұрлап кеткен.
Бірнеше күннен кейін ол дәл осыған ұқсас тәсілмен орталық базардан басқа күзен бас киімін ұрлаған.
Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұрын сотталған азамат мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды.