Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ер адам спорт дүкенінен киімдер ұрлап кеткен

Елордада ер адам спорт дүкенінен киімдер ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Спорттық киім сататын дүкеннің өкілі полицияға хабарласып, ұрлық туралы ақпаратпен жүгінген. Екі күн ішінде белгісіз біреу дүкеннен әйелдердің шаңғы костюмі мен ерлердің қысқы күртесін алып кеткені белгілі болған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бұрын ұрлық жасағаны үшін сотты болған, 39 жастағы ер адамды күдікті ретінде құрықтаған. Тәртіп сақшылары ұрының ізіне камералар арқылы түскен. Сатып алушы атын жамылған азамат киімді алып, киім-кешек бөлмесіне кіріп, магнитті киімнен алып тастаған. Содан кейін ол киімдерін күртесінің астына тығып, дүкеннен шығып кеткені көрінген. Шығын көлемі – 150 мың теңге.

Күдікті ұрланған заттарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға екі есе бағаға сатып та үлгерген.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру