Елордада ер адам тұрмыстық техника дүкендерінің бірінен камера ұрлап кеткен
Елордада ер адам тұрмыстық техника дүкендерінің бірінен камера ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында дүкен қызметкерлері Logitech Вrio камерасының витринадан жоғалып кеткенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Байқоңыр ауданы ПБ полиция қызметкерлері камералардың көмегімен 26 жастағы жігітті анықтады. Кешке дүкенге барып, ол сатып алушы кейпінде, техниканы қарастырған. Бейнекамералары бар стендке жақындаған жігіт камераны қораптан шығарып, оны қарап тұрғандай кейіп танытқан. Содан кейін куәгерлердің жоқтығына көз жеткізген жігіт құрылғыны қораппен бірге ұрлап, 70 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бұрын жігіттің осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталғаны анықталды.