Елордада есігі ашық тұрған көліктен жеке заттарды иемденген азамат ұсталды
Елордада есігі ашық тұрған автокөліктен жеке заттарды иемденген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны хабарласып таңғы уақытта оның Daewoo Nubira автокөлігінің салонынан әмиян мен парфюм ұрланғанын жеткізген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 37 жастағы ер адамды анықтады. Полицияға жеткізілген ер адам үйлердің аулаларын аралап, дабылмен жабдықталмаған көліктерді арнайы іздегенін айтты. Бейбарыс Сұлтан көшесіндегі үйдің жанынан өтіп бара жатып, есігі құлыпталмаған автокөлікті байқаған, содан соң, автокөліктің салонына кіріп жеке мүлкін ұрлап кеткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу-тексеріс жұмыстары жүргізіліп, оның Астана аумағында бұрын жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталады.
Астана қаласының полиция департаменті дабылға қойылмаған немесе иелері назардан тыс қалдырған автокөліктер көбінесе заңсыз тонауға ұшырайтынын еске салады. Әдетте жеке заттар, ұялы телефондар, ноутбуктер автокөліктерден жиі ұрланып жатады.
Күзетілетін автотұрақтар, бейнебақылау камераларымен жабдықталған тұрақ орындары, автокөліктерден ұрлықты болдырмауға көмектеседі.