Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада көлік жүксалғышынан жасалған ұрлық камераға түсіп қалған

Елордада көлік жүксалғышынан жасалған ұрлық камераға түсіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Байқоңыр ауданының Полиция басқармасына қала тұрғынынан түнгі уақытта Янушкевич көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында Mercedes көлігінен кілт жиынтығы ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Тергеу барысында полицейлер осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған 28 жастағы астаналықтың ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады.

Бейнебақылау камералары арқылы полицейлер автоұрыны анықтап, ұстады. Күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

– Көлік құралын қалдырған кезде есіктер мен көліктің жүксалғышын жабыңыз. Салоннан барлық құнды заттарды өзіңізбен бірге алып кетуді ұмытпаңыз. Жүргізушілерге көлік құралын күзет дабылымен жабдықтауды және оны күзетілетін тұрақтарда қоюды ұсынамыз, – дейді полицейлер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру