Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада көліктен құрал-саймандар ұрлаған күдікті ұсталды

Елордада көліктен құрал-саймандар ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, оның автокөлігінің салонынан белгісіз біреу 105 мың теңгеге құрал-саймандарын ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы полиция бөлімі криминалдық полиция қызметкерлері 27 жастағы азаматты анықтады. Тергеу барысында белгілі болғаны, ер адамның Балқантау көшесінде кетіп бара жатып жеке үйдің сыртында тұрған Opel Astra автокөлікке көзі түседі. Қылмыстық оймен күдікті көліктің тұтқаларын тартып көріп, есігі құлыпталмағанын түсінген. Автокөлік салонынан ол кілттер жинағы, бұрағыш, насос, тағы басқа құрал-саймандар салынған сөмкені алып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру