Елордада көліктен ұрлық жасаған тұрғын қамауға алынды
Елордада көліктен ұрлық жасаған тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 28 жастағы ер адамды анықтады.
Тергеу барысында жас жігіт үйдің ауласында жүріп, Toyota Camry көлігінің салонынан жүк көлігінің перделерін жасырын ұрлағаны белгілі болды. Одан кейін тұрақта тұрған көлікке жақындап, сол маңдағы Toyota Camry көлігін өртеп жіберген. Ер адам кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленіп, оның бұрын елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Ұсталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды.
Ұрлық оқиғаларының көбеюіне байланысты және оның алдын алу мақсатында Астана қаласының ПД көлік құралын дабыл жүйесімен жабдықтауды, көлікті ашық күйде қалдырмауды және көлікті күзетілетін аумаққа қоюды қатаң түрде ескертеді.