Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада криминалистер бірқатар велосипед ұрлығын ашты

Тек соңғы айда елордада криминалистер “ізін суытпай” 23 велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана тұрғыны Skillmax велосипедін үйдің ауласында қалдырып, пәтеріне көтерілген. Сол маңда өтіп бара жатқан қаскүнем мұны пайдаланып, трос-құлыпты кесіп, көлік құралын ұрлап кеткен.

Криминалистер инновациялық технологияларды қолдана отырып, сол күні-ақ күдіктінің жеке басын анықтады. Ұсталған кезде ер адам ұрланған велосипедпен жүрген. Полицейлер жәбірленушіге мүлкін қайтарып берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру