Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ломбардтан ұялы телефон ұрлаған адам ұсталды

Елордада ломбардтан ұялы телефон ұрлаған адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорданың 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында таңертең жігіт тәулік бойы жұмыс істейтін ломбардқа кіріп, үй-жайда ешкім жоқ екенін пайдаланып, қоршаудан өтіп, кеңсеге кіріп кеткені анықталды. Үй-жай ішінде ол екі ұялы телефонды ұрлап, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталған жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған телефондарды полиция тәркіледі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру