Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мас жүргізуші көлік ұрлағаны үшін жазаланды

Елордада мас жүргізуші көлік ұрлағаны үшін жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полицияға белгілі бір азаматтың 39 жастағы қала тұрғынына тиесілі Ravon Nexia автокөлігін иемденіп алғаны туралы хабарлама түскен.

Ер адам мас күйінде тұрғын үй кешенінің ауласында тұрған көлікті ұрлап, онымен жол-көлік оқиғасына түскен.

Нәтижесінде жәбірленушіге 3 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танысының шетелдік көлігін айдап әкеткен 26 жастағы жас жігітті анықтап, құрықтады. Ол алкогольдік ішімдікті бірге ішкеннен кейін бөтеннің көлігіне мінуге бел буған.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап, жасаған қылмысына өкінді.

Автокөлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды, ал ұсталған азамат қосымша тергеу жүргізу үшін полицияға тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру