Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада мерекелік іс-шара ұйымдастырушы әншілердің гонорарын заңсыз иеленген

Елордада мерекелік іс-шара ұйымдастырушы әншілердің гонорарын заңсыз иеленген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаменті Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 30 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында, ер адамның эстрада әншілерінің өнер көрсетуін қамтамасыз ете отырып мерекелік іс-шараларды ұйымдастырумен айналысатыны белгілі болды. Күдікті белгілі әншілердің қатысуымен кеш ұйымдастыруға уәде беріп, елордалық ойын-сауық мекемелерінің бірінің директорынан алдын ала төлем алған. Алайда уәде етілген әншілердің барлығы кешке толық қатыспаған, сондай-ақ күдікті оларға төленетін гонорарды да өз қалтасына салған. Кейін ол әр түрлі сылтау айтып, байланысқа шықпаған. Осылайша күдікті, барлық шығынды өзі төлеген мекеме директорына жалпы сомасы 6 млн теңге материалдық шығын келтірген.

Аталған фактіге байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру