Елордада мотоцикл ұрлаған күдікті анықталды
Елордада мотоцикл ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу оның аулада тұрған мотоциклін алып кеткені туралы арызданған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 20 жастағы жас жігітті анықтады.
Тергеу барысында оның Ұлы Дала даңғылында кетіп бара жатып, тұрақта тұрған мотоциклді байқағаны белгілі болды. Қылмыстық пиғылмен көлікке келіп, жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, күдікті Yaqi 49-F1 мотоциклін сүйреп алып кеткен. Келтірілген шығын сомасы 420 мың теңгеге бағалануда.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Жігіттің елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.