Елордада өткен республикалық турнирде полицей қыздар бірінші орын алды
Елордада өткен республикалық турнирде полицей қыздар бірінші орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде ерлер мен әйелдер арасында арқан тартыстан қызықты республикалық турнир өтті.
Шара халық ойындарын кеңінен насихаттау және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Жарысқа 200 спортшы, оның ішінде барлық облыстар мен қалалардан құрама командалар қатысты. Турнирде еліміздің үздік күштері жеңіске таласқан болса, елордалық полицейлердің қыздар командасы үздік нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді.
Команда жаттықтырушысы Берік Тасмағамбетов басқа қатысушылармен бірге тамаша дайындық пен командалық рухты көрсетті. Жеңіс үшін команда сыйлыққа ие болды.