Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада өзгенің веломобилін қолды қылған жасөспірім ұсталды

Елордада өзгенің веломобилін қолды қылған жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға тұрғын жүгініп, белгісіз біреу елордалық саябақтардың бірінде оған тиесілі  веломобильді алып кеткені туралы арызданған. 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы ауданы ПБ қызметкерлері ұрлық жасаған жасөспірімді “ізін суытпай” анықтады.

Тергеу барысында оның қаланың оң жақ жағалауында орналасқан саябақта кетіп бара жатып, жалға берілетін веломобильді байқағаны белгілі болды. Қылмыстық пиғылмен ол жан-жағында ешкім жоқ екеніне көз жеткізген соң, қауіпсіздік құлпын кесу арқылы көлікті алып кеткен. Келтірілген шығын сомасы 2,5 млн теңгеге бағалануда. 

 Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Жасөспіріммен прафилактикалық әңгіме жүргізілді, заңды өкіліне тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру