Елордада пәтерден ұрлық жасаған күдікті құрықталды
Елордада пәтерден ұрлық жасаған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қалалық полицияға пәтерінде ұрлық жасалғаны туралы жергілікті тұрғын арызданған. Қылмыстық әрекет алдыңғы күні және тәулік бойы жасалған, жедел уәкілдер күдікті ұсталды. Ер адамның жәбірленушіні танитыны анықталды.
Қылмыскер қожайындарының жоқтығын пайдаланып, кілтті таңдау арқылы пәтерге кіріп, жатын бөлмеден екі Apple Macbook ноутбугін, AirPods Pro құлаққаптарын және жарты миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап кеткен. Осылайша материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Есіл ауданы криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы азаматтың қылмыс жасағанын анықтады. Ол кінәсін толықтай мойындады.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.