Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада ПД бастығының халық алдында есеп беру кездесуі өтті

Елордада ПД бастығының халық алдында есеп беру кездесуі өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Іс-шараға сондай-ақ аудандық полиция басқармаларының басшылары, қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыспен күрес және құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Өз сөзінде ПД бастығы өткен жылдың жұмыс қорытындыларын баяндап, жедел жағдайдың негізгі көрсеткіштерін атап өтті және қаладағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған шаралар туралы айтты. Полиция мен азаматтардың өзара іс-қимылына және құқық бұзушылықтың алдын алуға ерекше назар аударылды.

— “Қолжетімді полиция” қағидаты шеңберінде полицияның қоғамдық орындарда тұрақты болуының әсері қамтамасыз етілуде. Жедел әрекет ету мақсатында өткен жылы 6 учаскелік полиция пункті мен 3 стационарлық модульдік бекет пайдалануға берілді, – деп атап өтті Марат Төлебаев.

Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, есірткі және киберқылмысқа қарсы күрес, оның ішінде есірткі затын жасыру мәселесі, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындардың өтініштері ПД басшылығының бақылауына алынды.

Жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар беріліп, полиция жұмысын қоғам мүддесіне қарай жетілдіру жөніндегі алдағы кезеңге қойылатын міндеттер айқындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру