Елордада полицейлер алтын бұйымдарды қолды қылған тұрғынды ұстады
Елордада полицейлер алтын бұйымдарды қолды қылған тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, ломбардтан еркін қол жеткізу арқылы алтын сырға ұрлаған елорда тұрғынын анықтады. Әйел адам елорданың ломбардтарының бірінде алтын бұйымдар қарап жүріп, қасақана алтын сырға ұрлаған. Шығын – 35 мың теңге.
Ұрлық камералар көмегімен ашылды. Әйел адам жасаған қылмысын мойындады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.