Елордада полицейлер дәмханадан телефон ұрлаған күдіктіні ұстады
Елордада полицейлер дәмханадан телефон ұрлаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның iPhone 11 телефонын ұрлап кеткенін айтқан.
Тергеу барысында күдіктінің дәмханаға түскі ас ішуге барғаны анықталды. Тамақтанып болған соң, күдікті кассада ешкімнің жоқтығын, ал есепшоттың үстінде телефонның тұрғанын байқап, ұрлық жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұстаған ер адам кінәсін мойындады. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.