Елордада полицейлер еңбек ұжымдары арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде
Елордада полицейлер еңбек ұжымдары арасында профилактикалық жұмысты күшейтуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада полиция қызметкерлері еңбек ұжымдарымен профилактикалық кездесулер өткізуді жалғастыруда. Осындай кезекті кездесу қалалық демалыс кешендерінің бірінің қызметкерлерімен өтті.
Іс-шара барысында полицейлер қатысушыларға кең таралған алаяқтық схемаларын тану жолдары мен қылмыстық әрекеттерден қорғану тәсілдерін түсіндірді. Қызметкерлерге телефон және интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың жиі кездесетін түрлері, сондай-ақ күмәнді белгілер туралы ақпарат берілді. Көрнекілік мақсатында профилактикалық бейнероликтер көрсетіліп, кейін полиция қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар кездесу аясында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және азаматтарды сталкингтен қорғау мәселелері талқыланды. Полицейлер азаматтарға қудалау белгілерін анықтау жолдарын, заңнамада қарастырылған қорғану шараларын және мұндай құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілікті түсіндірді.
Полиция өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп келеді және профилактикалық жұмыстың маңызды бағыты болып табылады. Еңбек ұжымдарымен өзара іс-қимыл жасау азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
