Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер есірткі тұтынудың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізді

Елордада полицейлер есірткі тұтынудың алдын алу бойынша студенттермен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz

Астана қаласы ПД ұйымдастыруымен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелерінің жастармен кездесуі өтті. Іс-шара ашық диалог, интерактивті ойындар және жастарға мотивация беру форматында ұйымдастырылды.

Студенттерге тәуелділіктің пайда болу себептері мен оның зардаптары туралы айтылып, есірткі мәселесіне тап болған жастардың нақты оқиғалары негізінде түсірілген әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Акцияға танымал блогерлер, актерлер мен спортшылар қатысып, өз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және саналы даму жолын таңдауға шақырды.

Мұндай кездесулердің мақсаты — жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру және бір реттік тәжірибе де қайғылы салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру.

Полиция есірткі қылмыстарының алдын алу — қоғамның ортақ міндеті, және әр азаматтың қатысуы жас ұрпақтың өмірі мен болашағын сақтауға ықпал ететінін еске салады.

Жыл басынан бері 600-ден астам профилактикалық іс-шара өткізілді, ал ерікті жастар 2500-ден астам есірткі жарнамасы бар граффити жазбаларын жойды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру