Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады

Елордада полицейлер мас жүргізушіні қуып жүріп ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешкі уақытта Land Rover автокөлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, елорданың жолдарында апаттық жағдайлар туғызған. Желікпе жүргізуші жоғары жылдамдықпен бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өтіп, автобус жолағына шығып кетіп, полицейлердің тоқтау туралы талаптарын елемеген. Тәртіп бұзушы Республика даңғылындағы көліктердің тығыз ағынында ұсталды.

Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші көлікті “жеңіл дәрежедегі” мас күйінде басқарған.

Сонымен қатар мультитесттен өту кезінде марихуана қолданғаны анықталды. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін жүргізушіге қатысты 5 әкімшілік хаттама толтырылды. Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 33 жастағы жүргізуші 2020 жылы көлік құралын жеті жылға басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде көлік құралын басқару) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері ер адамды ұстап, ПД Уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру