Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер ойын-сауық мекемелеріндегі проблемалық мәселелерді талқылады

Елордада полицейлер ойын-сауық мекемелеріндегі проблемалық мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен, ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігімен және күзет ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, онда ойын-сауық мекемелеріндегі проблемалық мәселелерді бірлесіп шешу жолдары талқыланды. Іс-шараның басты мақсаты – криминогендік жағдайды тұрақтандыру және тиісті құқықтық тәртіпті сақтау. ПД КПБ бастығы Дастан Қалиев статистикалық мәліметтерді, сондай-ақ түнгі мекемелерге тән қылмыстарды айтып, қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастыққа шақырды.

Спикер атап өткендей, талдау түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жасалатын қылмыстардың алдын алу және ескерту бойынша қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін айғақтайды.

Осы жылы ойын-сауық орындарынан «102» арнасына қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша 6 мыңнан астам хабарлама келіп түсті. 

Полицейлер күзет ұйымдарының қызметкерлерімен сындарлы өзара іс-қимыл жасауды ұсынды, жанжалды жағдайларда іс-қимылдың бірыңғай алгоритмін әзірлеуді ұсынды. Ғимараттарға суық және атыс қаруын әкелу фактілерінің жолын кесу мақсатында күзет қызметкерлерін металл іздегіш құрылғылармен қамтамасыз ету міндетті. Ойын-сауық мекемелерінің иелеріне мекемелердің ішінде де, сыртында да бейнебақылау камераларын қосымша орнату қажет. 

Полицейлер, қала тұрғындары мен қонақтары өздерін қауіпсіз сезінуі үшін, бірлескен күш-жігердің арқасында ғана қылмысты азайтуды қамтамасыз етуге, құқықтық тәртіпті жақсартуға болатынын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру