Елордада полицейлер терезеден кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Елордада полицейлер терезеден кіріп, ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласында жатақхана бөлмесінен жасалған ұрлық фактісі бойынша полицейлер жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстады. Қылмыс туралы хабар өткен тәулікте тіркеліп, дереу жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.
"Қылмысқа тоқта" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері 43 жастағы азаматтың қылмысқа қатысы барын анықтады. Ол кінәсін толық мойындап отыр.
Тергеу барысында белгілі болғандай, күдікті түнгі уақытта Оқжетпес көшесі бойымен жүріп келе жатып, жеке сектордағы бір үйдің терезесіндегі ашық форточканы байқайды. Жатақханаға жасырын кіріп, бөлменің есігі ашық тұрғанын пайдаланып, тұрғындар ұйықтап жатқан кезде ішке еніп, Samsung V-156 ұялы телефоны мен банк картасын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған заттар табылып, иесіне қайтарылды.
Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне мұқият болуға шақырады. Себебі қауіпсіздік – ең алдымен әркімнің қырағылығынан басталады.