Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті

Елордада полицейлер тұрғынға алғашқы медициналық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордалық тұрғын полиция қызметкерлеріне анасына көрсеткен көмегі үшін “102” нөміріне хабарласып, алғысын білдірген. Бұл құқық қорғау органдарының азаматтарға жанашырлықпен қарайтынын және әрқашан көмекке дайын екенін көрсетеді.

Патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Айтуған Төлебаев пен Ақтөре Қойшыбаевтың Қорғалжын бекетінде қызметтерін өтеу кезінде көлік келіп тоқтайды. Ішінен әйел адам жылап жүгіріп шығып, анасының денсаулық жағдайы нашар екенін айтып, көмек сұрайды. 

Елорда тұрғынының анасы кенеттен қан қысымы төмендеп, есінен танып қалған. Полиция қызметкерлері жағдайды дұрыс бағалап, әйелдің аяқ киімін шешіп, басын көтеріп, жедел көмек көрсетті. Олар жедел жәрдем қызметімен (103) байланыста болады.Осындай жедел әрекеттің арқасында науқасқа дер кезінде көмек көрсетіліп, жағдайы тұрақтанған. Бұл полиция қызметкерлерінің тек құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың өмірі мен денсаулығына жанашырлық танытатынын көрсетеді.

Тұрғынның ”102” нөміріне хабарласып, алғыс білдіруі – олардың еңбегін бағалаудың жарқын көрінісі.

Қазіргі таңда алғыс білдірушінің анасының денсаулығы жақсы, үйінде ем алып жатыр. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру