Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полицейлер заңсыз техника саудасын әшкереледі

Елордада полицейлер заңсыз техника саудасын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада полиция қызметкерлері ұрланған мүлікті, соның ішінде телефондарды заңсыз сатып алу фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.

Жедел-профилактикалық және іздестіру іс-шаралары аясында заңсыз мүлік сату жиі орын алатын орындарда, оның ішінде жекелеген сауда нүктелерінде рейдтер жүргізілді. Полицейлер мүліктің шығу тегін растайтын құжаттарсыз сатып алумен айналысатын азаматтарға тексеріс жүргізді.

Атап айтқанда, 17 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері ұрланған болуы мүмкін телефондарды заңсыз сатып алумен айналысқан 6 адамды ұстады.

Тексеру барысында заңсыз айналымнан 600-ден астам телефон, сондай-ақ оларға арналған қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы құралдар тәркіленді.

Телефондардың ұрлануына және олардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл тұрақты негізде жүргізілуде. Елімізде ұрланған құрылғылардың заңсыз айналымын толықтай жою мақсатында жұмыстар жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру