Елордада полицейлердің қатысуымен мерекелік концерт өтті
Елордада "Бәйтерек" монументінің жанында полицейлердің қатысуымен мерекелік концерт өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаланың кез келген елеулі іс-шарасы полициясыз өтпейтіні рас.
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала әкімшілігімен бірлесе отырып, ІІО құрылғанына 30 жыл толуына және елордамыздың символына айналған "Бәйтерек" монументінің 20 жылдығына орай "Мәңгілік елімнің тұғыры – Бәйтерек" концертін ұйымдастырды.
Әйгілі монумент жанына жиналған көрермен ерекше әсер алып, концерт ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдірді.