Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция ер адамды тонаған күдіктілерді қолға түсірді

Елордада полиция ер адамды тонаған  күдіктілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түнде қала дүкендерінің бірінің жанында екі белгісіз адам ер адамға жақындап, қоңырау шалу сылтауымен одан телефон сұраған. Телефон беруден бас тартқаннан кейін күдіктілер күш қолданып, Samsung телефонын тартып алып, қылмыс орнынан қашып кеткен.

Алматы ауданы ПБ полиция бөлімі қызметкерлері камералардың көмегімен «ізін суытпай» күдіктілердің жеке басын анықтады. Олар 19 және 26 жастағы екі жігіт болып шықты. 

Ер адамдар мойындау көрсетпелерін берді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру