Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция мен қоғам есірткі қатеріне қарсы күш біріктірді

Астана қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әбіл Әбілдиннің төрағалығымен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңестің отырысы өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараға мәслихат депутаттары, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері мен медиа тұлғалар қатысты. Барлық қатысушылар есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасау және халық, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында күш біріктірді.

Кездесу барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, нақты профилактикалық шараларды іске асыруға, заңға бағынатын мінез-құлықты ілгерілетуге және антинаркотикалық қызметті жетілдіруге бағытталған алдағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды. Кеңес мүшелері өз бағыттары бойынша бастамаларын ұсынды және жоспарланған жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға дайын екендіктерін растады.

Елордадағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жөніндегі rеңестің қызметі Ішкі істер министрлігі тарапынан оң бағаланып, маңызды бастама ретінде танылды. Департамент басшылығы есірткі қатеріне қарсы күресте мемлекет пен қоғам күштерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті:

- Тек қоғамның белсенді қатысуы мен әр азаматтың жеке жауапкершілігі болған жағдайда ғана есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және жастарды есірткінің теріс ықпалынан қорғау бағытында тұрақты нәтижелерге қол жеткізуге болады, — деді Әбіл Қалиақпарұлы.

Кеңес құрамына 20 белсенді мүше кіреді, олардың 17-сі — медиа тұлғалар, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының өкілдері бар. Мұндай формат құқық қорғау органдарының басымдықтарын қоғамдық және ақпараттық кеңістікке тиімді жеткізуге мүмкіндік береді.

Кеңес 2025 жылғы сәуір айынан бері шамамен 120 бірлескен профилактикалық іс-шара өткізді. Полиция департаментінің негізгі антинаркотикалық жобаларының басым бөлігі Кеңес мүшелерінің белсенді қатысуымен жүзеге асырылуда.

ІІМ басшылығының тапсырмаларын орындау аясында rеңестің 2026 жылдың бірінші тоқсанына арналған жұмыс жоспары қалыптастырылды. Биылғы жылға қойылған негізгі мақсат – халықты, әсіресе өскелең ұрпақ пен жастарды барынша кең қамту арқылы қоғамда "Заң мен тәртіп" идеологиясын ілгерілету және есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу.

Кеңестің жұмысы қоғамды есірткі қатерінен қорғау саласында нақты нәтиже мен ұзақ мерзімді тиімділікке бағытталып, жүйелі және жоспарлы негізде жалғасатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру