Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция қызметкері адасып қалған баланы анасымен қауыштырды

Елордада полиция қызметкері адасып қалған баланы анасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 19:45 шамасында Астана қаласындағы қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде 9 жастағы бала ата-анасынан көз жазып қалған. Бала автобусқа міну кезінде анасы мен әпкесін шатастырып, басқа бағыттағы автобусқа мініп кеткен. Алайда қателескенін бірден түсінген ол келесі аялдамадан түсіп қалып, жалғыз өзі қалған.

Жылап отырған баланы полиция қызметкері Ғафиз Сүгірәлиев байқап, бірден жанына барып, мән-жайды анықтаған. Тәртіп сақшысы баланы сабырға шақырып, онымен жылы сөйлесу арқылы сеніміне кірген. Баланың айтуы бойынша оның анасымен байланыс орнатылып, тұрғылықты мекенжайы анықталған.

Қауіпсіздік мақсатында полиция қызметкері баланы үйіне дейін жеткізіп, заңды өкілі — анасына қолма-қол табыстады. Баласының аман-есен табылғанына көзі жеткен ана полиция қызметкеріне кәсіби шеберлігі мен адамгершілігі үшін алғыс білдірді.

Полиция тек құқықтық тәртіпті сақтаумен шектелмей, азаматтардың, әсіресе кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әрдайым дайын.Полиция ата-аналарды балаларын қоғамдық орындарда қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру