Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция қызмкеткерлері жоғалған азаматты тауып, туыстарына жеткізді

Елордада полиция қызмкеткерлері жоғалған азаматты тауып, туыстарына жеткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада "102" арнасына 19 жастағы азаматтың үйден туыстарына баратынын айтып шығып, алайда белгіленген мекенжайға жетпегені туралы қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Аталған азамат жас жігіттің денсаулығы нашар екенін түсіндірді.

Арыз түсе салысымен Астана қалалық патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Әділбек Керімбеков және Нұржан Сұлтанбеков дереу іздестіру жұмыстарын бастады.

Жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде азамат қала аумағындағы дәмханалардың бірінен табылды.

Аталған жағдайлардың бұған дейін де екі рет болғаны белгілі болды.

Полиция қызметкерлері азаматтың ата-анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, психикалық ауруы бар адамдарға ерекше бақылау қажет екендігін ескертті. Сонымен қатар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін азаматты қараусыз қалдырмау,оның жүрген жері туралы туыстарына алдын ала хабарлау және уәкілетті органдармен тұрақты байланыста болу қажеттілігі түсіндірілді.

Осыған байланысты өтініш иесі полиция қызметкерлеріне көрсеткен жеделдігі, жауапкершілігі және кәсіби көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру