Елордада полицейлер зейнеткерлерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты
Елордада полиция зейнеткерлерге интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаменті кибер қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында интернет-алаяқтық алдын алу туралы дәріс өткізді.
Кездесу барысында қатысушыларға онлайн-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы айтылды. Атап айтқанда, "банк қызметкерлерінен" және өзге ұйымдардан келетін телефон қоңыраулары, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық түрлері талқыланды.

Киберполиция өкілі алаяқтық әрекеттерін қалай анықтауға болатынын, күмәнді хабарламалар түскен кезде нені ескеру керектігін және мұндай жағдай болған жағдайда қайда жүгіну қажеттігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жеке деректер мен қаржыларын қорғау жөнінде практикалық кеңестер алды.
