Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция жасөспірімдерге арналған заңсыз ойын-сауыққа тосқауыл қойды

Елордада полиция жасөспірімдерге арналған заңсыз ойын-сауыққа тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада полиция қызметкерлері қаланың клубтарының бірінде кәмелетке толмағандарға арналған заңсыз ойын-сауық шарасының жолын кесті.

Тексеру барысында ұйымдастырушылар іс-шара туралы ақпаратты жасөспірімдер арасында таратқаны анықталды.

Сонымен қатар кештің жарнамасында балағат сөздер қолданылған атау пайдаланылған.

Мекеме ішінде алкогольдік ішімдіктерді тұтынған кәмелетке толмағандар анықталды. Жасөспірімдер полиция басқармасына жеткізіліп, кейін ата-аналарына тапсырылды.

Кәмелетке толмағандардың қоғамдық орында мас күйінде болуы және алкогольдік ішімдіктер ішуіне байланысты 8 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ мекеме әкімшілігі алкоголь өнімдерін белгіленген жасқа толмаған тұлғаларға сатқаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Іс-шараны ұйымдастырушы балағат сөздер қолданылған жарнаманы таратқаны үшін сот шешімімен ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды.

Полиция ата-аналарға балаларының бос уақытын және қайда жүргенін бақылау қажеттігін еске салады.

Ал ойын-сауық орындарының иелері мен әкімшілерін заңнама талаптарын қатаң сақтауға және кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға жол бермеуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру