Елордада пробация есебіндегі жалғызбасты ана баспаналы болды
Елордада пробация есебіндегі жалғызбасты ана баспаналы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр аудандық пробация қызметінің есебіндегі А. есімді жалғызбасты ана баспанасыз қалған. Ол ҚР ҚК-нің 106-бабы (Адам денсаулығына қасақана зиян келтіру) бойынша 3 жылға сотталған болатын, кейін амнистияға ілініп, жазасы 1,6 жылға қысқартылды.
Пробация қызметкерлері «Ана үйі» қоғамдық қорымен бірлесіп сотталған әйел мен жаңа туылған сәбиін тұрғылықты жермен қамтамасыз етті.
– Бұл мекенжайда ол өз аяғына тұрып, жағдайын қалпына келтіргенше 1 жылға дейін тұра алады. Жан-жақты қолдаулар көрсетіліп, мерекелерде де қосымша сыйлықтар беріледі, – дейді пробация қызметкерлері.