Елордада қалта ұрлығы әшкереленді
Елордада қалта ұрлығы әшкереленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астаналық 63 жастағы тұрғын полицияға арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның әмиянын ұрлап кеткен.
Тексеру барысында оқиғаның “Шапағат” базарында болғаны анықталды. Әйел сауда нүктесінде есеп айырысып, әмиянын күртешесінің қалтасына салған. Алайда үйіне оралғанда оның жоғалғанын байқаған. Әмиян ішінде 200 мың теңгеден астам қаражат болған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицияның жедел-іздеу бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. 29 жастағы ер адам өз кінәсін толық мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын айтқан.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркелді.