Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада қонақүйге келуші қызметшілер бөлмесінен ақша жымқырған

Елордалық полицейлер қызметшілер бөлмесінен ақша ұралаған қонақ үйге келушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға елордалық қонақ үйлердің бірінің әкімшісі жүгініп, белгісіз біреу оның ақшасы мен құлаққабын ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Алматы ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен елорданың 19 жастағы тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында жас қыздың әлеуметтік желіде танысқан ер адаммен оң жақ жағалаудағы қонақ үйге барғаны анықталды. Бөлмеден кетер кезде бойжеткен қызметшілер бөлмесінің ашық тұрғанын байқап, қылмыстық оймен қонақ үй қызметшілері жоқ сәтті пайдаланып, бөтеннің 20 мың теңге ақшасы мен құлаққабын алып кеткен. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған қыз мойындау көрсетпелерін берді, елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру