Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 15 ұсыныс жасалды

Астанада өткен "Учаске" іс-шарасы аясында екі күнде құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 15 ұсыныс енгізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Елордада "Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Оның аясында полицейлер көпқабатты үйлерді, аулаларды, саяжай массивтерін, базарларды, саябақтарды және адамдар көп жиналатын өзге де орындарды аралап, тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шара басталған алғашқы екі күннің ішінде заңды және жеке тұлғаларға құқық бұзушылықтарға әкелетін себептер мен жағдайларды жою жөнінде 15 ұсыныс жолданды. Бұл құжаттар ұйымдар мен азаматтарға алдағы уақытта заң бұзушылықтарды болдырмау үшін нақты шаралар қабылдауды міндеттейді.

Рейдтер барысында әртүрлі құқық бұзушылық деректері анықталды. Мәселен, қаладағы бір қоғамдық тамақтану орнының иесі 21 жасқа толмаған азаматтарға алкоголь өнімін сатқан. Заңға сәйкес, мұндай әрекет үшін кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасының сақталуын бақылап, қараусыз жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауда, қоғамға қарсы әрекеттердің алдын алып, іздеуде жүрген немесе профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексеруде.

Полиция департаменті тұрғындарға бұл іс-шараның басты мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету екенін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру