Елордада құрылыс нысанының қоймасына ұрлыққа түскен күдікті құрықталды
Елордада құрылыс нысанының қоймасына түскен ұры құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы аудандық ПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 39 жастағы қала тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында ер адамның Астана – Қарағанды тас жолының бойындағы құрылыс алаңына келгені анықталды. Белгілі болғандай ол аталған нысанның аумағындағы қоймаға құлпын бұзу арқылы заңсыз кіріп, құрылысқа арналған құралдарды (болгарка, бұрағыш т.б.) алып кеткен.
Ұрланған заттардың материалдық құндылығы шамамен 800 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ер адам өз кінәсін мойындады, оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.
Астана қаласының полиция департаменті құрылыс алаңдарының басшыларына тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлауды болдырмау үшін нысандарды тиісті деңгейде қорғау шараларымен қамтамсыз етуді, бейнебақылау камераларымен жабдықтауды және дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.